Бүгін ел аумағының басым бөлігінде екпінді жел тұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 4 қазан күні ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды күн райы сақталады. Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың тек батысында күтіледі. Кей жерлерде тұман болып, жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.