«Әлем Барысына» 40 елдің апайтөс балуандары келе жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «ЭКСПО» көрмесі аясында өтетін «Әлем Барысы» әлем чемпионатына 40 елдің палуаны қатысады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.