Лионель Месси «Барселонадан» кетпек
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барселонаның» лидері Лионель Месси келер жылы жазда командадан кетуге ниетті. Испан БАҚ-тарының хабарларына қарағанда, аргентиналық шабуылшы каталониялық клубпен арадағы келісімшартты ұзартқысы келмейді. Мессидің мұндай шешіміне клубтың трансферлік саясатына наразылығы себеп болған, деп жазады «Российская газета».