Қазақ күресі телеарнада ең жоғары аудитория жинайды - Ерлан Қарин
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресі телеарнада ең жоғары аудитория жинайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Әлем Барысы» қазақ күресінен әлем чемпионатына арналған баспасөз мәслихатында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының төрағасы Ерлан Қарин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.