Астанада Қазақстан мен Гондурас ынтымақтастығы мәселелері талқыланды
![Астанада Қазақстан мен Гондурас ынтымақтастығы мәселелері талқыланды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170902180739.jpg)
АСТАНА. ҚАЗАҚПАРАТ - Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Гондурас Республикасының сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Мария Долорес Агуэромен кездесті. Бұл іссапар екі жақты қарым-қатынастар тарихында осы мемлекеттің Астанадағы сыртқы саяси кеңсесі басшысының алғаш рет келуі болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.