Әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Жоғарғы Сотта қаралу тәртібі өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізілген өзгерістердің бастыларының бірі - әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің Жоғарғы Сотта қаралу тәртібінің өзгеруі. Бас прокуратураның әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы А. Чорманов осылай мәлім етті.