Палестина Астанадағы ИЫҰ саммитіне жоғары деңгейде қатысатындығын қуаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7-8 шілде күндері Қазақстан Республикасы Президентінің Ислам ынтымақтастық ұйымы жөніндегі Арнайы өкілі, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Таяу Шығыс аймағына жасаған турнесі шеңберінде Рамалла қаласына сапар шекті. Оның барысында Палестина басшылығымен екіжақты келіссөздер және Қазақстан-Палестина арасындағы саяси консультациялар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.