Мемлекет меншігіндегі объектілерге жеке адамдардың есімін беру қағидаларына өзгеріс енгізілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына өзгеріс енгізілді. Қаулы мәтіндері «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланды.