Дархан Кәлетаев: Астана әуежайына Назарбаевтың есімін беру - бұл жүйелі шешім
![Дархан Кәлетаев: Астана әуежайына Назарбаевтың есімін беру - бұл жүйелі шешім](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170621100954.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру бұл жүйелі түрде қабылданған шешім. Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана әуежайына беру туралы Үкімет қаулысына байланысты пікірін білдірген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.