ЭКСПО кезінде Астанада түрік фильмі тегін көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 17 маусым күні Астанада Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығы, Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Егер ұмытсам, сыбырла» атты түрік фильмін тегін көрсетеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.