Астанада «Қазақстан – халықаралық аренада» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған «Қазақстан – халықаралық аренада» атты педагогтардың шығармашылық шеберлігінің үздік музейлік сабаққа қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқауды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы бірлесе ұйымдастырған.
Қазылар алқасына Астана қ. мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпы білім беретін мектептер және колледждерден 45 сұраныс келіп түсті. Байқаудың ІІ кезеңіне 24 жұмыс іріктеліп алынды. Іріктеу кезеңінен соң финалға 6 үміткер өтіп, 29-30 қарашада қазылар алқасына өздерінің шеберліктерін көрсетті. Бұл күндері екінші кезеңнің қатысушылары өз сабақтарын таныстырып, нәтижесінде жеңімпаздар анықталды.
Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың тақырыптары жаңа Қазақстан тарихындағы парақтардыеліміздің Тұңғыш Президентінің қызметі арқылы бейнелеп берді. Сабақтарда Музей қорынан алынған құнды материалдар қолданылды.