Елордада биыл 30 үй жаңғыртылады
Астанада жыл сайын қала аудандарында ТКШ жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы қолға алынғалы Алматы ауданында оны іске асыру шарттарын түсіндіру бойынша тұрғындармен кездесулер өткізіледі.
Үстіміздегі жылы Алматы ауданында бағдарлама аясында 16 үйді жөндеу жоспарланған. 2015 жылы 11-і жөнделді, жалпы 2011 жылдан бері Алматы ауданында 42 үй жөнделіп, 21 лифт ауыстырылды.
2016 жылы Сарыарқа ауданында аталған бағдарлама аясында 11 үйді жөндеу көзделген, соның ішінде 5 үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 4 үйді жөндеу аяқталады, сондай-ақ, екі үйде лифттер ауыстырылады.
2011-2015 жылдары ТКШ жаңғырту бағдарламасы аясында ауданда 34 үй мен 15 лифт, ал 2015 жылы 7 үй жөнделді.
Дереккөз: inform.kz