Елордада «Туған жерім» атты көрме ашылды
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде XII Республикалық балалар шығармашылығының байқауының «Графика. Линогравюра» номинациясы бойынша «Туған жерім» атты көрмесінің ашылуы өтті.
Балалар шығармашылығына арналған «Туған жерім» республикалық байқауы жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті Музейінің «Балалық шақтан көзқарас» атты балалар жобасының аясында, Астана қаласының ЮНЕСКО клубы – Балалар көркемөнер мектебімен бірлесіп өткізіледі.
Алғаш рет сайыс 2004 жылы өткізілді. Қазіргі уақытта жоба кеңейтілуін жалғастыруда және одан әрі маңызды бола бастады. Байқауға 10-16 жас аралығындағы көркемсурет мектептерінде және өнер мектебінің көркемсурет бөлімінде оқитын, ҚР Оқушылар сарайының шығармашылық үйірмелерінде және бейнелеу өнері студияларында тәлім алатын балалар қатысады.
Жыл сайын конкурс шарттары бойынша орындалу техникасы ұйымдастыру комитетімен жеке келісіледі. Қатысушылар қазылар алқасының назарына кескіндеме техникасы, мүсін және әр түрлі техникаларда орындалған сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды.
Дәстүр бойынша, сайыс жеңімпаздарына арналған, әр аймақтардан келгендерге, шеберлік-сыныптар ұйымдастырылады. ХІІ сайысқа Қазақстанның барлық аймақтарынан 250-ден аса жұмыстар келіп түсті.
«Туған жерім» көрмесі 2016 жылдың 16 қаңтар айына дейін жалғасады.
