СҚО әкімінің Амал күнімен құттықтауы
Құрметті жерлестер! Көктемнің шуақты мерекесі – Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал – халқымыздың көне дәстүрлерінен бастау алатын, адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасатын, өкпе-ренішті ұмытып, татулық пен сыйластықты нығайтатын ерекше күн. Бұл күн — қазақ халқы үшін жаңару мен жақсылықтың, ізгі ниет пен берекенің бастауы.
Осындай ізгі дәстүрлер ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайта түседі.
Осы күні әр шаңыраққа қуаныш, амандық пен береке әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт пен тыныштық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
