Кенже Жұманұлы: Биыл «Қазақстан дауысы» жобасына «Нар тәуекел» атты кезең енгізілді
Бас жүлде – 5 млн. теңге. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады.
Аталған жобаның өзге байқаулардан ерекшелігі, бұл байқау қатысушылардың тек дауысқа сүйеніп, бақ сынайтындығы. Еліміздің танымал жұлдыздары алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушылардың ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың ішінен үздік орындаушы SMS-дауыс беру арқылы анықталады.
Финалға дейінгі әр бір кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгерінен сабақ алады. Таланты мен тәлімгерден алған білімінің арқасында алға озған үміткер жеңімпаз атанары сөзсіз.
Бұл жоба The Voice of Holland (Нидерланды) немесе «Голос» түпнұсқалық форматының қазақстандық нұсқасы 2013 жылдың жазында басталды. «Қазақстан Дауысы» жобасының алғашқы маусымының жеңімпазы - Қостанай облысының тумасы 27 жастағы Шахаризат Сейдахмет. Орындаушының тәлімгері - Нұрлан Албан. Көрермендердің таңдауы бойынша, «Қазақстан дауысы» танымал музыкалық жобаның екінші маусымының жеңімпазы атағына және 5 млн теңгеге Алмас Кішкенбаевтың тобындағы Бауыржан Ретбаев ие болды.
