12 есірткі құқық бұзушылығы анықталды
- Ағымдағы жылы көлік полицейлерімен есірткі каналдарының есірткі тасымалдаушылар мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу мақсатында «Транзит», «Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Сондай-ақ, 1 маусымнан 31 қазан аралығында «Қарасора-2020» ЖПІШ өткізілуде, - дейді Өскемен-1 ст. ЖПБ бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Жанат Ибраев.Оның айтуынша, жедел профилактикалық жұмыстардың мақсаты – теміржол вокзалдары мен әуежай аумағында, әсіресе, сақтау камераларында, «Қазпошта» бөлімшелерінде, сондай-ақ жолаушылар пойыздарында қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткі заттарын тексеру жұмыстарын жүргізу.
Бұдан бөлек, күн сайын есірткі заттарын тарататын интернет сайттарды анықтау мақсатында ғаламтор желісіне мониторинг жүргізіледі.
- Жалпы, Өскемен-1 ст. ЖПБ есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмысы есірткі қылмысын болдырмау және жолын кесуге бағытталған, - дейді Жанат Нұрахимұлы.
