ШҚО-да есірткі тасымалдағандар ұсталды
⠀
Есірткі өнімдерін Алматы қаласынан Өскеменге жеткізу үшін қаскүнемдер логистикалық компаниялардың қызметін пайдаланған. Есірткі заттарын алғаннан кейін ШҚО орталығының аумағында сату каналдарын ұйымдастырған.
⠀
ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің «Беркут» арнайы жасағы және ШҚО ПД Кинологиялық қызметі бөліністерімен бірге шұғыл және сәтті ұйымдастырылған шаралардың барасында есірткі сатушылар ұсталды.
⠀
Жедел тергеу іс-шараларының барысында тәртіп сақшылары 157 полимер қаптамаға бөлшектеп оралған «гашиш» есірткі затын тәркіледі.
⠀
- Есірткі заттарын жеткізу және сату каналын ұйымдастыруға қатысты барлық үш тұлға ұсталды және қамауға алынды. Олардан 7,5 килограмнан артық «гашиш» есірткі заттары тәркіленді, олар құны 15 миллион тенгелік 1,5 мың бір реттік доза дайындап, сатуды жоспарлаған, - дейді ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.⠀
Оның айтуынша, тергеу амалдары жалғасуда. Ұсталған 1977, 1979 және 1980 жылы туған азаматтар он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.
