Көкпекті көшелеріне үнемдеу үшін жарықдиодты шамдар қойылмақ
Бұған дейін ауданға қарасты Көкжыра ауылының тұрғындары хабарласып, ауылдағы кей көшелерде жарықтың жоқтығынан түнде жүру қиынға соғатынын айтқан еді.
- Ауылда кей көшелерде көше шамдары әлі орнатылмады. Шамдар тек бірнеше көшеде ғана бар. Жаңбырлы күндері түнде көшеде жүру қиынға соғады. Жарық бағандары орнатылған көшелерде де дұрыс жанбай жатады, - дейді Көкжыра ауылының тұрғыны.
Қуантарлығы сол аудан әкімдігі тұрғындарға мәселе осы жылы шешім табатындығын айтты. Тек Көкжыра ауылына ғана емес, тағы басқа бірнеше ауылға жарық орнатылатын болды.
- Биыл Көкпекті ауданына қарасты елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға 86537,9 мың теңге қаржы бөлінді. Самар ауылының айналма жолының бойына 175 бағана орнатуға бюджеттен 35667,6 мың теңге қаржы бөлінсе, Көкпекті ауылының Байтұрсынов, Жұмабаев көшелеріне шам тартуға 4277,6 мың теңге қаржы бөлінді. Құлынжон ауылының Көкжалбарақ, Жұбандық, Құдайбердинов, Әубәкіров, Құлынжон көшелеріне және Көкжыра ауылының Абай мен Әуезов көшелеріне жарық орнатуға 22500,0 мың теңге қаржы бөлінді, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жаслан Майкенов.
Оның айтуынша, алдағы уақытта энергия шамдарын тоқ үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыру жос-парлануда.
- Алдағы жоспарлардың бірі - энергия шамдарын тоқ үнемдейтін жарықдиодты шамдарға ауыстыру. Осылайша көшені жарықтандыруға бөлінетін қаржыны 50 пайызға дейін үнемдеуге болады. Сонымен қатар, ауылдық елді мекендердің көшелерін жарықтандырудың үлесін көбейту жоспарлануда, - дейді Жаслан Талғатұлы.
Елді мекендерді жарықтандыру бойынша Абай ауданында атқарылған жұмыстар легіде аз емес. Бүгінде аталған ауданға қарасты бірнеше ауылда көше шамдары орнатылды.
- "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" бағдарламасы бойынша 15986,4 мың теңге қаржыға Қарауыл ауылындағы Әйгерім, Зере, Сүндетбай, Құтжанов, Бекбосынов, Тоқтамыс көшелері жарықтандырылды. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен 7950,0 мың теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы арқылы 9 аудандық округке 11 620,7 мың теңге қарастырылды. Оның ішінде Қарауылдың екі көшесіне 3 135,0 мың теңге Қасқабұлақ ауылына 1 160,0 мың теңге, Архат ауылына 1 026,0 мың теңге, Саржал ауылына 1 862,0 мың теңге, Құндызды ауылына 1000,0 мың теңге, Тоқтамыс ауылына 707,7 мың теңге, Кеңгірбай ауылына 938,0 мың теңге және Көкбай ауылдық округіне 1792,0 мың теңге, қосымша Тоқтамыс ауылына 2000,0 мың теңге қаржы бөлінді, - дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Смағұлов.
Экология в России и мире
Путин в России и мире
Лукашенко в Беларуси и мире
123ru.net —
международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.
Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).
123ru.net — живые новости в прямом эфире!
В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.
Здоровье в России и мире
Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России
Друзья 123ru.net
Информационные партнёры 123ru.net
Спонсоры 123ru.net