Катонқарағай ауданында "алыптың ізі" қалған
Бұл іздің қашан және қалай пайда болғаны белгісіз. Бірақ ел ішінде түрлі болжам, ойлар айтылып жүр.
- Мұндай ғажайып табиғат әсерінен пайда болды дегенге сену қиын. Бұл неолит дәуірінің мүсіншілері - сол баяғы петроглифтердің еңбек жемісі болуы да мүмкін. Болжам бойынша, жартастағы саусақтар, құпиясы жоғалып кеткен тас жұмсартушы қышқылды қолдану арқылы салынған, - деп жазылған аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.Жартастағы ізде олардың буындары толығырақ және ұштары жіңішке, сонымен қатар ер адамның қол ізінен 35 есе үлкен. Ал Канададан келген саяхатшылардың бірі оның отанында да жартаста дәл осындай, тек сол жақ алақанның ізі бар екенін айтқан екен.
Ғажап... Сыр мен құпияға толы Катонқарағай өлкесі осындай таңғажайып нысандарымен қызықтырады. Шынымен, бұл “Бес саусақ” нені білдіреді екен? Миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген алыптың алақан ізі емес пе екен? Сіз қалай ойлайсыз?
