Ливныдағы жауынды күндер
Арада талай заман өтті, бірақ құба шөл тағы да өзін еске түсірді.
1931 жылы жазда мен Орлов облысындағы Ливны қаласына бардым. Мен ол кезде ілгеріде жазылған бірінші романымды баспаға әзірлемек болдым, сондықтан да менің ешбір тамыр-танысым жоқ бір шағын қалаға барғым келді де тұрды, сөйтіп алаңсыз отырып жұмыс істеуге ешкім де, ештеңе де кедергі жасамайтын жер керек болды.
Ливныда мен ешқашан да болмаған едім. Қала маған тазалығымен, гүл жарған күнбағыстарының көптігімен, тұтас тас плиталардан салған көшелерімен, сарғыш девон дәуірінің қалың оқтасын жарып, шатқал жасап алған Быстрая Сосна өзенімен қатты ұнады.
Мен қала шетіндегі ескі ағаш үйден бір бөлме жалдап алдым....