Тоқаев Қазақстан қарулы күштері бас штабының бастығын ауыстырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан қарулы күштері бас штабының бастығы Сұлтан Камалетдиновті қызметінен босатып, бұл қызметке Қаныш Әубәкіровті тағайындады. 47 жастағы Қаныш Әубәкіров 2024 жылдың қаңтарынан бері қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым бойынша орынбасары болған. Әр жылдары құрлық және әуе-десант күштерінде басшылық қызметтер атқарған, сонымен бірге «Батыс» аймақтық қолбасшылығына жетекшілік еткен.
