«Нұрлы жол» вокзалының іске қосылуына байланысты елордада бірқатар автобус бағдары ұзартылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» жаңа теміржол вокзалын іске қосуына байланысты автобустардың қозғалысын ұйымдастыру мақсатында 2017 жылдың 1 маусымынан бастап № 2, 14, 32, 48, 50 қалалық маршруттардың жүру бағытының сызбасы ұзартылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.