31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
АСТАНА. ҚазАқпарат - ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін - мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі шындық. Өйткені, әкімшілік-жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Ал сол бір қасіретті жылдарды есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екендігі сөзсіз. Сондықтан 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамыр Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.