Ермек Тұрсынов жаңа фильм түсірмек
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Режиссер Ермек Тұрсынов сарбаз туралы фильмнің түсірілім жұмыстарына кірісті. Кино Ұлы Отан соғысы кезінде майданда болған сарбаз туралы болмақ. Кейіпкер неміс қариядан сыйға киноаппарат алады. Қартайған шағында ол ауылдарды аралап сүйікті фильмдерін көрсетеді. Туынды өнердің арқасында ол әлемді өзгертеді деген идеяға кеп тіреледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.