ЭКСПО-ның гид-экскурсоводтары 11 тілде сөйлейді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көрмеге 150 кәсіби гид-экскурсоводтар дайындалған. Олардың барлығы оқыту, қонақжайлылық таныту бойынша тренингтерден өткен және 11 тілді еркін меңгерген, деп мәлімдеді қала әкімдігі медиа орталығына берген сұхбатында «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.