Жеңіс Қасымбек Инвестициялар және даму министрлігінде жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ведомство жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту бойынша министрліктің басшылық құрамымен жиналыс өткізді. Бұл жайында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.