Мырзатай Жолдасбеков «Астана» велокомандасының кеңесшісі қызметіне сұранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы қоғамдық кеңес алдындағы есеп берді. Сол жерде кеңес төрағасы Мырзатай Жолдасбеков «Астана» велокомандасының менеджментін сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.