Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың жолдары
«Ағылшын тілі»-XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танынатын,әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Ағылшын тілін біздің халқымыздың жаппай меңгеруі сол тілде жасалған, жасалатын шексіз байлықты аудару жөніндегі машақаттан, артық шығыннан құтқарады. Демек, бабаларымыздың ағылшын тілін білуі-уақыт талабы деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылы 29-мамырда бір топ бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесуінде «тілдердің үш тұғырлығы» мәселесіне байланысты ағылшын тіліне деген өзінің ой пікірін жоғарыдағы сөзімен дәлелдеп берген болатын.