ОҚО-да көшбасшы әйелдер орталығы ашылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында көшбасшы әйелдер орталығы ашылды. Бұл нәзік жандыларға саясатта белсенділік танытып қана қоймай, басшылық қызметке бейімделуіне мүмкіндік береді. Алғашқы басқосуларын өткізген ауданның іскер әйелдері орталықтың негізгі бағытын белгілеп, алдағы мақсат-міндеттерін екшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.