«Бәйтерек» холдингі мен «Mubadala» араб қоры инфрақұрылымдық жобаларға кіріспек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев алдыңғы қатарлы араб даму институттары мен қаржылық ұйымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.