12 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады, тек Республиканың батыс аймақтарында жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.