Қазақстаннан жыл сайын әлеуметтік жәрдемақы ретінде сыртқа 50 млн теңге шығарылады
![Қазақстаннан жыл сайын әлеуметтік жәрдемақы ретінде сыртқа 50 млн теңге шығарылады](http://www.inform.kz:8080/images/uploads/DaurenKubeev.jpg)
ТАРАЗ. КАЗИНФОРМ - Жамбыл облысы прокуратурасының өкілдері әлеуметтік жәрдемақы түрінде ел аумағынан қаржы шығару, қылмыстық жағдайдың күрделенуі, екі азаматтығы бар, тіпті үш азаматтыға бар азаматтарды анықтау әрекеттерімен күресуде. Аймақта қалыптасқан жағдай мен ол мәселелерді қадағалаушы органның қалай шешіп жатқандығы туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісіне облыс прокуратурасының басқарма бастығы Дәурен Көбеев айтып берді.