2017 жылы Астана оқушыларына 10 млн теңге грант бөлінеді
![2017 жылы Астана оқушыларына 10 млн теңге грант бөлінеді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161208140214.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Астанада 10 инновациялық мектеп пайда болады және мектеп оқушыларына грантқа 10 миллион теңге бөлінеді. Бұл туралы дарынды оқушылармен кездесу барысында Астана әкімі Әсет Исекешев хабарлады.