МКК жаңартылған шекара бекеттерінің нұсқасын таныстырды
![МКК жаңартылған шекара бекеттерінің нұсқасын таныстырды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161208180752.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жаңартылған шекара бекетінің жобасын таныстырды. Оған сәйкес, қазіргі шекара бекеттерін озық теxнологиялармен жабдықтап, қосымша инфрақұрылым нысындарын салғаннан кейін тауарлар мен көлік құралдарын өткізу уақыты екі есеге қысқарады. Ал көлік жүргізушінің өзі машинадан мүлдем түспесе де болады. Осының арқасында жемқорлық әрекеттерін де барынша азайту жоспарланған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.