Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады
![Алдағы күндері Қазақстанда күн суытады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161206073618.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағы арқылы үлкен жылдамдықпен атмосфералық фронттар өтуде. Сондықтан елімізде жауын-шашын, бұрқасын, қатты жел, тұман мен көктайғақ орын алып, қолайсыз ауа райы сақталуда. Бұл туралы 8-10 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамында «Қазгидромет» РМК хабарлауда.