Қазақстандықтар депозит бойынша 11 млрд. теңге өтемақы алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша өтемақының үшінші траншын төлеу туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі еркін өзгермелі айырбастау бағамына өтуге байланысты жеке тұлғалардың ұлттық валютада (теңгеде) ашылған депозиттері бойынша өтемақы тетігін іске асыру шеңберінде 11 млрд. теңгеден астам сомаға өтемақының соңғы траншын төлеуді жүзеге асырды, сонымен қатар өтемақы төлеу рәсімін аяқтады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.