Қызылордада «Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша алғашқы жоба қолдауға ие болды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Даму-Оптима» бағдарламасын металл өнімдерін көтерме және бөлшектеп сатумен айналысатын «Ер-Бақ и К» компаниясы пайдаланды. Айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Fortebank» АҚ несие рәсімдеу үшін «Даму» қоры кәсіпорын қажеттілігіне 50 пайыз кепілдендіруді ұсынды.