Жануарларға қатігездік танытқан Бурабай зообағына шағым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Бурабай курортты аймағындағы зообақ үстінен «Нұр Отан» партиясына шағым келіп түсті. Арызданушы әйелдің айтуынша, ондағы жануарлар жан түршігерлік жағдайда өмір сүруде және жаппай ашығуда, деп жазды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.