ЭКСПО-да опырылып қалған нысанда Еуропаның державалары орналасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының xалықаралық қатысушылармен жұмыс жасау жөніндегі департамент директоры Илья Оразақовтың айтуынша, көрме аумағындағы декоративті конструкцияның құлауына қатысты тәуелсіз сарапшылардың қорытындысы енді ғана шықса да, бас кезінде компания алдын ала болжамдарды ұсынып, шетелден келетін қонақтарды барынша тыныштандыруға тырысты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.