Шымкентте көше жарнамаларының сауаттылығы тексерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдары талаптарын орындау және Шымкент қаласындағы көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілу деңгейін көтеру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы, Шымкент қаласының әкімдігі, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп,«Сауатты жарнама - қала көркі» акциясын өткізді.
