Колледж студенттері үшін оқу да, тамақ та, шәкіртақы да тегін болады
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, бүгінде тегін кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа механизмі әзірленді. Соның аясында жастарды жұмысшы мамандықтармен барынша қамтып, әрбір студентке шәкіртақы, тіпті тегін тамақ беру жүйесін енгізу көзделіп отыр.