ОҚО: Комиссия отырысында бала денсаулығын қорғау тақырыбы талқыланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОҚО Кентау қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында Кентау қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы болды. Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес әйел мен баланың денсаулығын қорғау, ерте жүктілік пен жасанды түсіктің алдын алу шаралары туралы №1 емхананың акушер-гинекологтары және балалар емханасының дәрігерлері баяндама жасады.