13 жылқыны қазақ-қырғыз шекарасынан заңсыз өткізбек болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Қырғызстан арасында орналасқан Тараз шекара отрядына қарасты «Гранитогорск» бекетінің шекарашылары 13 жылқыны заңсыз жолмен өткізбек болғандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.