ШҚО-да жоғалып кеткен екі энергетик аман табылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ТЖ департаменті қызметкерлері Күршім ауданындағы ен далада жоғалып кеткен Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясының екі энергетигін тапты, олардың жағдайы жақсы, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.