Қысқы Универсиадаға 100 күн қалды: Оралдағы жаттығу
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін «Ақжайық» футбол клубының стадионында Алматы қаласында 29 қаңтар - 8 ақпан аралығында өтетін 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай Лондон және Рио-де-Жанейро олимпиадаларына қатысқан белгілі ескекші Алексей Дергунов спортшылармен жаттығу өткізді.