Мальта әуежайында жеңіл ұшақ құлап, бес адам қаза тапты
![Мальта әуежайында жеңіл ұшақ құлап, бес адам қаза тапты](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161024143933.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала болжам бойынша, дүйсенбі күні таңертең Мальта әуежайында жеңіл моторлы ұшақтың құлауынан бес адам қаза тапты. Ұшақ бортында ішкі шекаралар қауіпсіздігі жөніндегі ЕО агенттігінің қызметкерлері ("Фронтекс") болған, деп жазады Би-би-си.