Шекарамыз қалай шегенделді?
![Шекарамыз қалай шегенделді?](https://egemen.kz/wp-content/uploads/2016/10/img.php_.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Үкіметке, Сыртқы істер министрлігіне, басқа да мүдделі министрліктер мен ведомстволарға елдің қауіпсіздігін және аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету үшін шекаралас мемлекеттермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңды түрде ресімдеу үдерісін бастауды тапсырды. Өйткені, шекараның мызғымастығын қамтамасыз ету - кез келген мемлекеттің алдында тұрған ең басты міндеті, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.