БОКС: Патрик Аллотеймен жекпе-жек қарсаңында Қанат Ислам ашық жаттығу өткізді
![БОКС: Патрик Аллотеймен жекпе-жек қарсаңында Қанат Ислам ашық жаттығу өткізді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161015114746.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 29 қазан күні «Алматы арена» спорт сарайында, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам «WBA Fedelatin» белбеуін қорғау және құрлықаралық WBO чемпиондық белбеуі үшін ганалық боксшы Патрик Аллотеймен жекпе-жекке шығатыны белгілі. Өз елінде өткізгелі отырған жекпе-жек қарсаңында Қанат Ислам бүгін Алматыдағы «Мега» сауда орталығында көпшілік алдында жаттығу өткізді.