Биыл Алматы облысында бірде-бір жетімге пәтер берілмеген
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында бірде-бір жетімге пәтер берілмеген. Мұндай сұмдық жайтты арнайы тексеріс кезінде Алматы облысының прокуратурасы анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сондай-ақ балалар үйінде тәрбиеленушілердің тағамдарын 3 есе аз бергені де анықталды. Бұл факт Шелек балалар үйінде, Талғар қаласындағы «Аяла», Талдықорған қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Қамқор» үйінде орын алған.