Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфертке түзету енгізілді
![Ұлттық қордан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфертке түзету енгізілді](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161006113013.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2 трлн. 880 млрд. теңгеден 2 трлн. 479,7 млрд. теңгеге дейін азайтылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».